Құрманғазы ауданы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы

Жаңартылған

Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімінің 2021 жылғы 12 шілдедегі № 26 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 13 шілдеде № 23481 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 23-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 33-бабына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына сәйкес ШЕШТІМ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес, Құрманғазы ауданының сайлау учаскелері құрылсын.

      2. Аудан әкімінің 2018 жылғы 27 маусымдағы № 23 "Құрманғазы ауданы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4196 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау "Құрманғазы ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне (К. Булековке) жүктелсін.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі М. Мурзиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Құрманғазы аудандық аумақтық

      сайлау комиссиясымен

  Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 12 шілдедегі № 26 шешіміне қосымша

Құрманғазы ауданының сайлау учаскелері

      Ескерту. Қосымшаға өзгерістер енгізілді – Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімінің 23.06.2023 № 11 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі).

№ 165 сайлау учаскесі

      Орналасқан орны: Алға ауылы, Әбу Сәрсенбаев көшесі №45 үй, "Атырау облысы Құрманғазы ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Шабыт ауылдық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының ғимараты.

      Шекаралары: Алға ауылы, Иманов ауылы, Қарақұл ауылы, Көкарна ауылы, Ниетбай ауылы.

№ 167 сайлау учаскесі

      Орналасқан орны: Афанасьев жолайрығы, Теміржолшылар көшесі №25 үй, "Атырау облысы Білім беру басқармасының Құрманғазы ауданы білім бөлімінің "№80 бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекаралары: Афанасьев бекеті.

№ 168 сайлау учаскесі

      Орналасқан орны: Жұмекен ауылы, Қадырбек Өмірбаев көшесі №2 үй, "Атырау облысы Құрманғазы ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Еңбекші ауылдық клубы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының ғимараты.

      Шекаралары: Жұмекен ауылы, Дәулеткерей ауылы, Кадырка ауылы, Қошалақ ауылы.

№ 170 сайлау учаскесі

      Орналасқан орны: Құрманғазы ауылы, Зоя Жәнібекова көшесі №22 үй, "Атырау облысы Білім беру басқармасының Құрманғазы ауданы білім бөлімінің "Абай атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекаралары: Мұхамбетжан Тоқатов көшесі, Халит Испулаев көшесі, Смағұл Көшекбаев көшесі, Тұрар Құрманғалиев көшесі, Әліби Жангелдин көшесі, Мағзом Ғилаев көшесі, Шәку Сәтеков көшесі, Абай көшесі, Зоя Жәнібекова көшесі, Бақтыгерей Ахметқалиев көшесі, Республика көшесі, Ғайнеден Әлжанов көшесі, Александр Афанасьев көшесі.

№ 171 сайлау учаскесі

      Орналасқан орны: Құрманғазы ауылы, Нұғыман Манаев көшесі №52 үй, "Атырау облысы Білім беру басқармасының Құрманғазы ауданы білім бөлімінің "Мерей" бөбекжай-балабақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының ғимараты.

      Шекаралары: Асқар Нұрғалиев көшесі, Үмбет Сужиков көшесі, Өтемұрат Айтасов көшесі, Бауыржан Бегалиев көшесі, Нұғыман Манаев көшесі, Жұмекен Нәжімеденов көшесі.

№ 172 сайлау учаскесі

      Орналасқан орны: Құрманғазы ауылы, Мұхат Мусаев көшесі №27 үй, "Атырау облысы Білім беру басқармасының Құрманғазы ауданы білім бөлімінің "Өркен" бөбекжай-балабақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының ғимараты.

      Шекаралары: Амангелді Иманов көшесі, Дәрібай Айтжанов көшесі, Жеңіс көшесі, Мұхат Мусаев көшесі, Жаңару көшесі, Шафхат Бекмұхамедов көшесі, Ақансері көшесі, Құрыш Елемесов көшесі, Шаттық көшесі.

№ 173 сайлау учаскесі

      № 173 сайлау учаскесі келесі мазмұнда жазылсын:

      "Орналасқан орны: Құрманғазы ауылы, Ғизат Әліпов көшесі № 1 үй, "Атырау облысы Білім беру басқармасының Құрманғазы ауданы білім бөлімінің "Нұршуақ" бөбекжай-балабақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының ғимараты.

№ 174 сайлау учаскесі

      Орналасқан орны: Құрманғазы ауылы, Атырау көшесі №1 үй, "Атырау облысы Білім беру басқармасының Құрманғазы ауданы білім бөлімінің "Бегалиев атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекаралары: Кәрім Шайхимов көшесі, Желтоқсан көшесі, Отан көшесі, Атырау көшесі, Азаттық көшесі, Тәуелсіздік көшесі, Достық көшесі, Хасан Кәрімұлы көшесі, Ізжан және Камал Жанабаевтар көшесі, Жерұйық көшесі, Керуен көшесі, Нұрлы көшесі, Наркескен көшесі, Темірқазық көшесі.

№ 175 сайлау учаскесі

      Орналасқан орны: Құрманғазы ауылы, Болашақ көшесі №5 үй, "Атырау облысы Білім беру басқармасының Құрманғазы ауданы білім бөлімінің "М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекаралары: Ишан Тұрақбаев көшесі, Жалел Нығметов көшесі, Болашақ көшесі, Сәулет көшесі, Мұрагер көшесі, Мұхтар Әуезов көшесі, Ерсайын Елубаев көшесі, Құрылысшы көшесі, Отар Юсупов көшесі, Дініш Жолмұханов көшесі, Егемен Қазақстан көшесі, Мақсот Жолжанов көшесі, Махмұт Шолтыров көшесі, Өркениет көшесі, Жасұлан көшесі.

№ 176 сайлау учаскесі

      Орналасқан орны: Орлы ауылы, Нұғыман Манаев көшесі №13 үй, "Атырау облысы Құрманғазы ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Өнерпаз ауылдық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының ғимараты.

      Шекаралары: Орлы ауылы, Каспий ауылы, Шестой ауылы

№ 177 сайлау учаскесі

      Орналасқан орны: Приморье ауылы, Достық көшесі №20 үй, "Атырау облысы Білім беру басқармасының Құрманғазы ауданы білім бөлімінің "Ю.А.Гагарин атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекаралары: Теңіз ауылы, Даулет ауылы, Құмарғали ауылы, Шайхы ауылы.

№ 178 сайлау учаскесі

      Орналасқан орны: Нұржау ауылы, Стамғазы Ақботин көшесі №1 үй, "Атырау облысы Білім беру басқармасының Құрманғазы ауданы білім бөлімінің "Нұржау жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекаралары: Нұржау ауылы.

№ 179 сайлау учаскесі

      Орналасқан орны: Жамбыл ауылы, Жасқанат көшесі №1 үй, "Атырау облысы Білім беру басқармасының Құрманғазы ауданы білім бөлімінің "Панфилов атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекаралары: Жамбыл ауылы.

№ 180 сайлау учаскесі

      Орналасқан орны: Хиуаз ауылы, Сайып Рысқалиев көшесі №10 үй, "Атырау облысы Білім беру басқармасының Құрманғазы ауданы білім бөлімінің "Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекаралары: Хиуаз ауылы, Шағырлы ауылы, Жасарал ауылы, Үлкен Күйген ауылы.

№ 181 сайлау учаскесі

      Орналасқан орны: Ақкөл ауылы, Амангелді Иманов көшесі №32 үй, "Атырау облысы Құрманғазы ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ақкөл ауылдық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының ғимараты.

      Шекаралары: Исатай көшесі, Абай көшесі, Амангелді Иманов көшесі, Махамбет көшесі, Шәмші Қалдаяқов көшесі, Сұлтан Бейбарыс көшесі, Әлия Молдағұлова көшесі, Мәншүк Мәметова көшесі, Әбу Сәрсенбаев көшесі, Жұмекен Нәжімеденов көшесі, Жамбыл Жабаев көшесі, Рахымжан Қошқарбаев көшесі, Мұқағали Мақатаев көшесі, Сәкен Сейфуллин көшесі, Дінмұхамед Қонаев көшесі.

№ 182 сайлау учаскесі

      Орналасқан орны: Ақкөл ауылы, Сайпеден Құспанов көшесі №6 үй, "Атырау облысы Білім беру басқармасының Құрманғазы ауданы білім бөлімінің "Ақкөл жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекаралары: Сайпеден Құспанов көшесі, Қаныш Сәтбаев көшесі, Дина Нұрпейісова көшесі, Құрманғазы көшесі, Шоқан Уалиханов көшесі, Ыбырай Алтынсарин көшесі, Төлесін Әлиев көшесі, Арқалық көшесі, Әліби Жангелдин көшесі, Құлес Тәкешов көшесі, Мұхтар Әуезов көшесі.

№ 183 сайлау учаскесі

      Орналасқан орны: Қиғаш ауылы, Шәмші Қалдаяқов көшесі №8 үй, "Атырау облысы Құрманғазы ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Қиғаш ауылдық клубы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының ғимараты.

      Шекаралары: Дина Нұрпейісова елді мекені.

№ 184 сайлау учаскесі

      Орналасқан орны: Жыланды ауылы, Құрманғазы көшесі №3 үй, "Атырау облысы Құрманғазы ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Дыңғызыл ауылдық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының ғимараты.

      Шекаралары: Жыланды ауылы.

№ 185 сайлау учаскесі

      Орналасқан орны: Ғ.Әліпов ауылы, Ғалиден Казбеков көшесі №27 үй, "Атырау облысы Білім беру басқармасының Құрманғазы ауданы білім бөлімінің "Ж.Нәжімеденов атындағы негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекаралары: Ғ.Әліпов ауылы.

№ 186 сайлау учаскесі

      Орналасқан орны: Шортанбай ауылы, Әбу Сарсенбаев көшесі №43 үй, "Атырау облысы Құрманғазы ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Шортанбай ауылдық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының ғимараты.

      Шекаралары: Шортанбай ауылы.

№ 187 сайлау учаскесі

      Орналасқан орны: Жасталап ауылы, Ахмет Жұбанов көшесі №20 үй, "Атырау облысы Білім беру басқармасының Құрманғазы ауданы білім бөлімінің "Ш.Уалиханов атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекаралары: Жасталап ауылы.

№ 188 сайлау учаскесі

      Орналасқан орны: Көптоғай ауылы, Шайхы Әбішов көшесі №2А үй, "Атырау облысы Білім беру басқармасының Құрманғазы ауданы білім бөлімінің "С.Мұқанов атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекаралары: Көптоғай ауылы, Балықшы ауылы.

№ 189 сайлау учаскесі

      Орналасқан орны: Котяев ауылы, Төлеп Салықбаев көшесі №6 үй, "Атырау облысы Білім беру басқармасының Құрманғазы ауданы білім бөлімінің "Фариза Оңғарсынова атындағы жалпы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекаралары: Бөкейхан ауылы.

№ 190 сайлау учаскесі

      Орналасқан орны: Кудряшов ауылы, Абай көшесі №64В үй, "Атырау облысы Құрманғазы ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Кудряшов ауылдық клубы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының ғимараты.

      Шекаралары: Кудряшов ауылы.

№ 191 сайлау учаскесі

      Орналасқан орны: Кудряшов ауылы, Бейбітшілік көшесі №1А үй, "Атырау облысы Білім беру басқармасының Құрманғазы ауданы білім бөлімінің "Ғабит Мүсірепов атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекаралары: Жаңа ауыл ауылы.

№ 192 сайлау учаскесі

      Орналасқан орны: Сафон ауылы, Жеңіс көшесі №10 үй, "Атырау облысы Құрманғазы ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Сафон ауылдық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының ғимараты.

      Шекаралары: Сафон ауылы.

№ 193 сайлау учаскесі

      Орналасқан орны: Бірлік ауылы, Қаби Оқаев көшесі №15А үй, "Атырау облысы Білім беру басқармасының Құрманғазы ауданы білім бөлімінің "С.Н.Имашев атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекаралары: Бірлік ауылы.

№ 194 сайлау учаскесі

      Орналасқан орны: Амангелді ауылы, Амангелді Иманов көшесі №18А үй, "Атырау облысы Білім беру басқармасының Құрманғазы ауданы білім бөлімінің "А.Иманов атындағы негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекаралары: Амангелді ауылы.

№ 195 сайлау учаскесі

      Орналасқан орны: Балқұдық ауылы, Абай көшесі №25 үй, "Атырау облысы Құрманғазы ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Балқұдық ауылдық клубы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының ғимараты.

      Шекаралары: Балқұдық ауылы.

№ 196 сайлау учаскесі

      Орналасқан орны: Азғыр ауылы, Ғарифулла Құрманғалиев көшесі №5 үй, "Атырау облысы Білім беру басқармасының Құрманғазы ауданы білім бөлімінің "Азғыр негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекаралары: Азғыр ауылы.

№ 197 сайлау учаскесі

      Орналасқан орны: Асан ауылы, Тұрар Рысқұлов көшесі №17 үй, "Атырау облысы Білім беру басқармасының Құрманғазы ауданы білім бөлімінің "Б.Момышұлы атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекаралары: Асан ауылы.

№ 198 сайлау учаскесі

      Орналасқан орны: Қоңыртерек ауылы, Жаңару көшесі №5 үй, "Атырау облысы Білім беру басқармасының Құрманғазы ауданы білім бөлімінің "Қоңыртерек бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекаралары: Қоңыртерек ауылы.

№ 199 сайлау учаскесі

      Орналасқан орны: Сүйіндік ауылы, Абай көшесі №18 үй, "Атырау облысы Құрманғазы ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Сүйіндік ауылдық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының ғимараты.

      Шекаралары: Сүйіндік ауылы, Егінқұдық ауылы.

№ 200 сайлау учаскесі

      Орналасқан орны: Жалғызапан ауылы, Жәңгір хан көшесі № 39А үй, "Атырау облысы Құрманғазы ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Лабай ауылдық клубы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының ғимараты.

      Шекаралары: Жалғызапан ауылы.

№ 201 сайлау учаскесі

      Орналасқан орны: Батырбек ауылы, Нарын көшесі, №11 үй, "Атырау облысы Білім беру басқармасының Құрманғазы ауданы білім бөлімінің "Батырбек ауылының бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекаралары: Батырбек ауылы.

№ 202 сайлау учаскесі

      Орналасқан орны: Үштаған ауылы, Дәулеткерей көшесі №2 үй, "Атырау облысы Құрманғазы ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ұштаған ауылдық клубы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының ғимараты.

      Шекаралары: Үштаған ауылы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады