Шектеу іс-шараларын алып тастау және Атырау облысы Құрманғазы ауданы Көптоғай ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 29 сәуірдегі № 6 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Атырау облысы Құрманғазы ауданы Көптоғай ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 26 шілдедегі № 11 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 27 шiлдеде № 23734 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасы "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес, Құрманғазы ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 3 маусымдағы № 7 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Атырау облысы Құрманғазы ауданы Көптоғай ауылдық округінің Х. Елжанов көшесінің аумағында, ірі қара малдарының арасында бруцеллез ауруын жою бойынша кешенді ветеринарлық іс-шаралары жүргізілуіне байланысты белгіленген шектеу іс-шаралары алып тасталсын.

      2. Атырау облысы Құрманғазы ауданы Көптоғай ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 29 сәуірдегі № 6 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4946 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Округ әкімі Ж. Хасанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады