Түркістан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 1 маусымдағы № 133 "Түркістан облысының жергiлiктi маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының тiзбесiн бекiту туралы" қаулысына толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2021 жылғы 19 қаңтардағы № 8 қаулысы. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2021 жылғы 20 қаңтарда № 6028 болып тiркелдi

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына және 2004 жылғы 9 шілдедегі "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" Заңының 10-бабының 2-тармағы 3-1) тармақшасына сәйкес, Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Түркістан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 1 маусымдағы № 133 "Түркістан облысының жергiлiктi маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының тiзбесiн бекiту туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5636 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2020 жылғы 2 маусымда жарияланған) қаулысына қосымшасына мынадай толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген, Түркістан облысының жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының тізбесінде:

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 104.1 жолымен толықтырылсын:

      "

104.1.

Безымянное көлі

1200

41°4'44.89"С
68°3'49.05"В

Кәсіпшілік балық аулау

Шардара ауданы

      ".

      2. "Түркістан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны оны ресми жарияланғаннан кейін Түркістан облысы әкімдігінің интернет–ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      1. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М.И.Мырзалиевке жүктелсін.

      2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Ө. Шөкеев
      А.Ш. Жетпісбай
      Ә.Е. Тұрғымбеков
      С.А. Қалқаманов
      М.И. Мырзалиев
      А.С. Сәбитов
      Ұ.Қ. Тәжібаев
      А.А. Абдуллаев
      А.Б. Тасыбаев

      Түркістан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 1 маусымдағы № 133 "Түркістан облысының жергiлiктi маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының тiзбесiн бекiту туралы" қаулысына толықтыру енгізу туралы Түркістан облысы әкімдігінің 2020 жылғы "__"__________№____ қаулысына

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады