Түркістан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 13 маусымдағы № 38/410-VI "Түркістан облысында ортақ су пайдалану Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 19 наурыздағы № 3/29-VIІ шешімі. Түркістан облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 6 сәуірде № 6146 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су Кодексінің 38-бабының 1) тармақшасына сәйкес, Түркістан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:

      1. Түркістан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 13 маусымдағы № 38/410-VI "Түркістан облысында ортақ су пайдалану Қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5117 тіркелген, 2019 жылғы 17 шілдеде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Түркістан облысында ортақ су пайдалану шешіміне:

      8-тармағындағы "құрылыстарындағы" деген сөз "құрылысжайларындағы" деген сөзбен ауыстырылсын;

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Түркістан облысының аумағында орналасқан су объектілерінде шағын кемелерде және басқа да жүзу құралдарында жүзу және оларды пайдалану Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 354 "Шағын көлемді кемелерді және олар тоқтауға арналған базаларды (құрылыстарды) пайдалану қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтіќ құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11197 тіркелген) және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 24 қыркүйектегі № 669 "Палубалы шағын көлемді кемелерді техникалық қадағалауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтіќ құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17615 тіркелген) бұйрықтарына сәйкес жүзеге асырылады, тұрғын халықтың қауіпсіздігін және шағын көлемді кемелердің өтуін қамтамасыз ету үшін су пайдалануды оқшау немесе бірлесіп жүзеге асыратын су пайдаланушы жұмысты ұйымдастырады:

      Адамдардың шомылу аймағынан тысқарыда шағын көлемді кемелердің өтуі үшін ашық түсті қалқыма белгілермен және қадалармен қоршалған, "ДӘЛІЗ АЙМАҒЫНДА ШОМЫЛУҒА ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ ! " деген ескерту және шектеу белгілері бар, ені кем дегенде 10 метр және ұзындығы кем дегенде 100 метр дәліз жарақтайды;

      Халықтың шомылу аймағын "қалқыма белгілерден тысқарыда "ШОМЫЛУҒА ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ ! ", "ХАЛЫҚТЫҢ шомылу аймағында шағын көлемді кемелерде жүзуге ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ !" деген ескерту және шектеу белгілері бар ашық түсті қалқыма белгілермен және қадалармен қоршайды.

      Жергілікті атқарушы органымен бекітілген шомылу аймақтарында қозғалтқыштарының қуаты 40 ат күші және одан жоғары шағын көлемді кемелерді пайдалану шектеу салынады.";

      15-1-тармағында "тыйым салынатыны" деген сөздер "жол берілмейтіні" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. "Түркістан облыстық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімді "Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Түркістан облыстық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Түркістан облыстық мәслихаты
      сессиясының төрағасы Н. Абишов
      Түркістан облыстық
      мәслихатының хатшысы К. Балабиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады