Түркістан облысы Кентау қаласының шекарасын өзгерту және Сауран ауданының шекарасын белгілеу туралы

Жаңа

Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 11 маусымдағы № 6/52-VIІ бірлескен шешімі және Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2021 жылғы 14 маусымдағы № 136 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 9 шілдеде № 23385 болып тiркелдi

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 2) тармақшасына, "Түркістан облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 12 наурыздағы № 534 Жарлығына сәйкес, Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Түркістан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Кентау қаласының шекарасы оның шекарасынан жалпы көлемі 721745,0 гектар Шаға, Жаңа Иқан, Ескі Иқан, Үшқайық, Иассы, Ораңғай, Қарашық, Жүйнек, Бабайқорған, Шорнақ, Жібек жолы, Майдантал ауылдық округтерінің жерлері және Ащысай ауылы аумағының айналасында орналасқан жерлерді алып тастау жолымен өзгертілсін.

      2. Сауран ауданының шекарасы оның шекарасына Кентау қаласының шекарасынан берілетін жалпы көлемі 721745,0 гектар Шаға, Жаңа Иқан, Ескі Иқан, Үшқайық, Иассы, Ораңғай, Қарашық, Жүйнек, Бабайқорған, Шорнақ, Жібек жолы, Майдантал ауылдық округтерінің жерлерін және Ащысай ауылы аумағының айналасында орналасқан жерлерді қосу жолымен осы бірлескен Түркістан облысы әкімдігінің қаулысы мен Түркістан облыстық мәслихаты шешімінің қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      3. "Түркістан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен Түркістан облысы әкімдігінің қаулысы мен Түркістан облыстық мәслихатының шешімін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бірлескен Түркістан облысы әкімдігінің қаулысы мен Түркістан облыстық мәслихатының шешімін ресми жарияланғаннан кейін Түркістан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бірлескен Түркістан облысы әкімдігі қаулысының және Түркістан облыстық мәслихаты шешімінің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ұ.Қ.Тәжібаевқа жүктелсін.

      5. Осы бірлескен Түркістан облысы әкімдігінің қаулысы мен Түркістан облыстық мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Түркістан облысының әкімі У. Шукеев
      Түркістан облыстық
      мәслихатының сессия төрағасы А. Орман
      Түркістан облыстық
      мәслихатының хатшысы К. Балабиев

  Түркістан облысы әкімдігі
2021 жылғы 14 маусымдағы
№ 136 мен
Түркістан облыстық мәслихаты
2021 жылғы 11 маусымдағы
№ 6/52-VII
Бірлескен қаулы және шешім
қосымшасы

Түркістан облысы Сауран ауданының шекараларына қосылатын Кентау қаласының жерлері бөлігінің экспликациясы

Ауданның атауы

Сауран ауданының шекарасына қосылатын жерлердің алаңы, (гектар)

оның ішінде:

ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлері, (гектар)

елді мекендер жерлері (гектар)

өнеркәсіп, көлік, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтаждығына және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатына арналмаған жерлер (гектар)

ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жері, сауықтыру рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жерлер (гектар)

орман қорының жері (гектар)

су қорының жері (гектар)

босалқы жерлер (гектар)

1

2

3

4

5

6

7

8

9

Сауран ауданының ауыл округтерінің жерлері

721 745,0

364 918

57 827

4920

39 424

66 145

2 429

186 082

Барлығы:

721 745,0

364 918

57 827

4920

39 424

66 145

2 429

186 082


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады