Түркістан облысы Арыс қаласының және Ордабасы ауданының шекараларын өзгерту туралы

Жаңа

Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 19 тамыздағы № 8/80-VII бірлескен шешімі және Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2021 жылғы 20 тамыздағы № 183 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 9 қыркүйекте № 24286 болып тiркелдi

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 11-бабының 2) тармақшасына сәйкес және Арыс қаласы және Ордабасы ауданы әкімдіктерінің және мәслихаттарының ұсыныстары негізінде, Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Түркістан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Түркістан облысы Арыс қаласының және Ордабасы ауданының шекаралары, Арыс қаласының Ақдала ауылдық округінен 500,0 гектар жерді Ордабасы ауданының Бөржар ауылдық округінің шекарасына, Ордабасы ауданының Бөржар ауылдық округінен 500,0 гектар жерді Арыс қаласының Монтайтас ауылдық округінің шекарасына қосу жолымен өзгертілсін.

      2. Түркістан облысы Арыс қаласының және Арыс қаласының Қожатоғай ауылдық округінің шекаралары, Арыс қаласының Қожатоғай ауылдық округінен 491,0 гектар жерді Арыс қаласының шекарасына қосу жолымен өзгертілсін.

      3. "Түркістан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен Түркістан облысы әкімдігінің қаулысы мен Түркістан облыстық мәслихатының шешімін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бірлескен Түркістан облысы әкімдігінің қаулысы мен Түркістан облыстық мәслихатының шешімін ресми жарияланғаннан кейін Түркістан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бірлескен Түркістан облысы әкімдігінің қаулысының және Түркістан облыстық мәслихаты шешімінің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ұ.Қ.Тәжібаевқа жүктелсін.

      5. Осы бірлескен Түркістан облысы әкімдігінің қаулысы мен Түркістан облыстық мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Түркістан облысы әкімінің
      міндетін атқарушы А. Жетпісбай
      Түркістан облыстық
      мәслихатының хатшысы К. Балабиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады