Түркістан облысы әкімдігінің 2021 жылғы 11 ақпандағы № 36 "2021 жылға акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруға субсидиялар көлемдерін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2021 жылғы 22 қарашадағы № 257 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 23 қарашада № 25329 болып тiркелдi

      ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Түркістан облысы әкімдігінің "2021 жылға акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруға субсидиялар көлемдерін бекіту туралы" 2021 жылғы 11 ақпандағы № 36 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6061 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген 2021 жылға акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруға субсидиялар көлемдері осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Түркістан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде мемлекеттік тіркелуді;

      2) осы қаулыны оны ресми жарияланғаннан кейін Түркістан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Түркістан облысы әкiмiнiң орынбасары Ұ.Қ.Тәжібаевқа жүктелсiн.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі

      Түркістан облысының әкімі У. Шукеев

  Түркістан облысы әкімдігінің
2021 жылғы 22 қарашадағы
№ 257 қаулысына қосымша

2021 жылға акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруға субсидиялар көлемдері

Субсидиялау бағытының атауы

Өлшем бірлігі

Субсидия көлемі

1 (бір) килограмм акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіруге жұмсалған азық шығысының нормасы, килограмм

1 (бір) килограмм балық азығына бөлінетін субсидиялар сомасы, теңге

Субсидиялар сомасы, мың тенге

1.

Бекіре тұқымдас балықтар мен олардың будандары

килограмм

58 479,5

1,5

285

25 000,0

2.

Албырт тұқымдас балықтар мен олардың будандары

килограмм

30 864,2

1,2

270

10 000,0

3.

Тұқы тұқымдас балықтар мен олардың будандары

килограмм

779 166,6

4,0

105

327 250,0


Барлығы





362 250,0


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады