"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17583 болып тіркелген "Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 4 қазандағы № 408 бұйрығына сәйкес, Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2021 жылға акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруға субсидиялар көлемдері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. "Түркістан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны "Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны оны ресми жарияланғаннан кейін Түркістан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары Ұ.Қ.Тәжібаевқа жүктелсiн.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Ө. Шөкеев |
А.Ш. Жетпісбай | |
Ә.Е. Тұрғымбеков | |
С.А. Қалқаманов | |
М.И. Мырзалиев | |
А.С. Сабитов | |
Ұ.Қ. Тәжібаев | |
А.А. Абдуллаев | |
А.Б. Тасыбаев |
"2021 жылға акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруға субсидиялар көлемдерін бекіту туралы" Түркістан облысы әкімдігінің 2021 жылғы "___"_____________№_____ қаулысына
Түркістан облысы әкімдігінің 2021 жылғы 11 ақпандағы № 36 қаулысына қосымша |
2021 жылға акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруға субсидиялар көлемдері
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 22.11.2021 № 257 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
№ | Субсидиялау бағытының атауы | Өлшем бірлігі | Субсидия көлемі | 1 (бір) килограмм акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіруге жұмсалған азық шығысының нормасы, килограмм | 1 (бір) килограмм балық азығына бөлінетін субсидиялар сомасы, теңге | Субсидиялар сомасы, мың тенге |
1. | Бекіре тұқымдас балықтар мен олардың будандары | килограмм | 58 479,5 | 1,5 | 285 | 25 000,0 |
2. | Албырт тұқымдас балықтар мен олардың будандары | килограмм | 30 864,2 | 1,2 | 270 | 10 000,0 |
3. | Тұқы тұқымдас балықтар мен олардың будандары | килограмм | 779 166,6 | 4,0 | 105 | 327 250,0 |
Барлығы | 362 250,0 |