Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы 15 наурыздағы № 90 және Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 2/16-V "Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша жер учаскелері жеке меншікке берілген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкаларын белгілеу туралы" бірлескен қаулысы мен шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 10 желтоқсандағы № 13/136-VII бірлескен шешімі және Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2021 жылғы 30 желтоқсандағы № 293 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 19 қаңтарда № 26540 болып тiркелдi

      Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Түркістан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің және Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының "Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша жер учаскелері жеке меншікке берілген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкаларын белгілеу туралы" 2012 жылғы 15 наурыздағы № 90 және 2012 жылғы 24 ақпандағы № 2/16-V бірлескен қаулысы мен шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 2073 болып тіркелген) келесідей өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бірлескен қаулы мен шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Түркістан облысы бойынша жер учаскелері жеке меншікке берілген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкаларын белгілеу туралы";

      көрсетілген бірлескен қаулы мен шешімнің қосымшасында:

"

1

Шымкент қаласы

1275

"


      деген жолы алынып тасталсын;

      қосымшаның орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді.

      2. "Түркістан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен Түркістан облысы әкімдігінің қаулысы мен Түркістан облыстық мәслихатының шешімін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бірлескен Түркістан облысы әкімдігінің қаулысы мен Түркістан облыстық мәслихатының шешімін оны ресми жариялағаннан кейін Түркістан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен Түркістан облысы әкімдігінің қаулысының және Түркістан облыстық мәслихаты шешімінің орындалуын бақылау Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ұ.Қ.Тәжібаевқа жүктелсін.

      4. Осы бірлескен Түркістан облысы әкімдігінің қаулысы мен Түркістан облыстық мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Түркістан облысының әкімі У. Шукеев
      Түркістан облыстық мәслихатының хатшысы К. Балабиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады