2021 жылға мүгедектер үшiн жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Мерзімі біткен

Түркістан облысы Арыс қаласы әкiмдiгiнiң 2021 жылғы 16 наурыздағы № 107 қаулысы. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2021 жылғы 16 наурызда № 6099 болып тiркелдi. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18 бабының 7) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына және "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27 бабының 1 тармағының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14010 тіркелген) Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларына сәйкес, Арыс қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін квота белгіленсін.

      2. Арыс қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 4 мамырдағы № 177 "Мүгедектер үшiн жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2020 жылғы 4 мамырда № 5595 тіркелген және 2020 жылғы 5 мамырда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. Арыс қаласы "Әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулының Арыс қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      4.Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Р.Айтбаевқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Арыс қаласының әкімі М. Қадырбек

  Арыс қаласы әкімдігінің
2021 жылғы 16 наурыздағы
№ 107 қаулысына қосымша

Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы

Ұйымның атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны

Квота мөлшері (%)

Мүгедектер үшін квота белгіленген жұмыс орындарының саны

1.

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Арыс қаласының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Амангелді" атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

115

3

3

2.

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Арыс қаласының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "С.Ерубаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

166

3

5

3.

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Арыс қаласының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "И.Журба атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

133

3

4

4.

"Алтын балапан" бөбекжай балабакшасы 1" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

70

2

1

5.

"ЛИДЕР" Бөбекжай балабақшасы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

53

2

1

6.

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының "Т.Тәжібаев атындағы отбасы үлгісіндегі балалар ауылы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

53

2

1



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады