Мүгедектер үшiн жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Түркістан облысы Арыс қаласы әкiмдiгiнiң 2020 жылғы 4 мамырдағы № 177 қаулысы. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2020 жылғы 4 мамырда № 5595 болып тiркелдi. Күші жойылды - Түркістан облысы Арыс қаласы әкiмдiгiнiң 2021 жылғы 16 наурыздағы № 107 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Арыс қаласы әкiмдiгiнiң 16.03.2021 № 107 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18 бабының 7) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына және "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27 бабының 1 тармағының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14010 тіркелген) Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларына сәйкес, Арыс қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына осы қаулының қосымшасына сәйкес квота белгіленсін.

      2. Арыс қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 2 қазандағы № 302 "Мүгедектер үшiн жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2019 жылғы 3 қазанда № 5193 тіркелген және 2019 жылғы 14 қазанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. Арыс қаласы "Әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулының Арыс қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Р.Айтбаевқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Арыс қаласының әкімі М. Қадырбек

  Арыс қаласы әкімдігінің
2020 жылғы 4 мамырдағы
№ 177 қаулысына қосымша

Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота

Ұйымның атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны

Квотаның мөлшері (%)

Мүгедектер үшін квота белгіленген жұмыс орындарының саны

1.

Арыс қаласының "Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "С.Сейфуллин атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

127

3

4

2.

Арыс қаласының "Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "С.Адамбеков атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

232

3

7

3.

Арыс қаласының "Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№ 11 Б.Момышұлы атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

148

3

4

4.

Арыс қаласының "Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "М.Шаханов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

132

3

4

5.

Арыс қаласының "Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Б.Онтаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

109

3

3

6.

Арыс қаласының "Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№ 1 Ережепбай Молдабаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

225

3

7

7.

"Қызмет-Сервис-Арыс" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

85

2

2

8.

Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының "Арыс аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны

870

4

35


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады