"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің 510-бабының 1-тармағына сәйкес, Арыс қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Арыс қалалық мәслихатының 2020 жылғы 23 қыркүйектегі № 54/380-VІ "Жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5829 тіркелген, 2020 жылғы 13 қазанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
1 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Арыс қалалық мәслихатының 2012 жылғы 25 қыркүйектегі № 8/44-V шешімімен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2127 тіркелген) Арыс қаласының жерді аймақтарға бөлу схемасы негізінде, Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 505 және 506 - баптарында белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелері 1, 2, 3, 4 және 5 аймақтарда автотұрақтарға (паркингтерге), автомобильге май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) жерлерді қоспағанда 10 (он) пайызға арттырылсын.".
2. "Арыс қалалық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Арыс қалалық мәслихат аппаратының интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихат сессиясының төрағасы | К. Елгонов |
Арыс қалалық маслихат хатшысы | А. Байтанаев |