"Жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы" Кентау қалалық мәслихатының 2019 жылғы 29 қарашадағы № 320 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Түркістан облысы Кентау қалалық мәслихатының 2021 жылғы 29 қарашадағы № 93 шешiмi. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 30 қарашада № 25462 болып тiркелдi

      ШЕШТІ:

      Кентау қалалық мәслихатының "Жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы" 2019 жылғы 29 қарашадағы № 320 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5299 тіркелген) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:

      1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Кентау қалалық мәслихатының 2016 жылғы 28 қарашадағы № 57 шешімімен бекітілген (Нормативтік құқықтық құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3939 тіркелген) Кентау қаласының жерлерді аймақтарға бөлу схемасы негізінде, Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 505 және 506-баптарында белгіленген жер салығының базалық мөлшелемелерін 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 аймақтарда 50 (елу) пайызға арттырылсын.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Кентау қалалық
      мәслихатының хатшысы Т. Балабиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады