Көшелерге атау беру және қайта атау туралы

Жаңа

Түркістан облысы Мақтаарал ауданының Мырзакент кенті әкiмiнiң 2021 жылғы 18 наурыздағы № 214 шешiмi. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2021 жылғы 18 наурызда № 6106 болып тiркелдi

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес халық пікірін ескере отырып және Түркістан облыстық ономастика комиссиясының 2020 жылғы 30 желтоқсандағы қорытындысы негізінде Мырзакент кенті әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мырзакент кентіндегі К.Маркс көшесіне Төлеген Тәжібаев көшесі деп қайта атау берілсін.

      2. Мырзакент кентіндегі атауы жоқ жаңа шағын ауданындағы Жоба 2 көшесіне Айтмұхаметов Қосман Қайыртайұлының есімі берілсін.

      3. Мақтаарал ауданының "Мырзакент кенті әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімді "Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді оны ресми жарияланғаннан кейін Мақтаарал ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Мырзакент кенті әкімі М. Бейсенбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады