Сайрам аудандық коммуналдық меншіктегі жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің дивидендтерінің көлемін белгілеу туралы

Жаңа

Түркістан облысы Сайрам ауданы әкiмдiгiнiң 2021 жылғы 5 наурыздағы № 75 қаулысы. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2021 жылғы 9 наурызда № 6086 болып тiркелдi

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2 тармағына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 186-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 142 "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер мен ұйымдардағы мемлекеттік қатысу үлестеріне кірістер туралы" қаулысына сәйкес Сайрам ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Аудандық коммуналдық меншіктегі жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жылдық қаржылық есептiлiкте көрсетілген таза кірісінің кемінде 70 (жетпіс) проценті дивидендтер төлеуге жіберілсін.

      2. Аудандық коммуналдық меншіктегі жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталдағы қатысу үлесін иелену және пайдалану құқығы берілген мемлекеттік органдар дивидендтердің белгіленген көлемінің бюджетке толық және уақтылы аударылуын қамтамасыз етсін.

      3. Сайрам ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 76 "Сайрам аудандық коммуналдық меншіктегі жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің дивидендтерінің көлемін белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3578 тіркелген, 2016 жылғы 11 наурызда "Мәртөбе" газетінде және 2016 жылғы 24 ақпанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде электронды түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      4. "Сайрам ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының "Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулының оның ресми жарияланғаннан кейін Сайрам ауданы әкiмдiгiнiң интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Өсербаевқа жүктелсін.

      6. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Ұ. Сәдібеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады