Сайрам аудандық коммуналдық меншіктегі жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің дивидендтерінің көлемін белгілеу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 76 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 11 ақпанда № 3578 болып тіркелді. Күші жойылды - Түркістан облысы Сайрам ауданы әкiмдiгiнiң 2021 жылғы 5 наурыздағы № 75 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Сайрам ауданы әкiмдiгiнiң 05.03.2021 № 75 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2 тармағына және "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 186-бабына сәйкес Сайрам ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Аудандық коммуналдық меншіктегі жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің дивидендтерінің көлемі кемінде таза табысынан 50 (елу) пайыз болып белгіленсін.

      2. "Сайрам ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыны Сайрам ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;

      2) осы қаулыны Сайрам ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т.Керімбековке жүктелсін.

      Аудан әкімі В. Кайназаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады