Шектеу іс-шараларын тоқтату және Сайрам ауданы Жібек-жолы ауылдық округі әкімінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Түркістан облысы Сайрам ауданы Жібек-жолы ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 14 маусымдағы № 11 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 17 маусымда № 23078 болып тiркелдi

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 2 тармағына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27 бабының 2 тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына және Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Сайрам аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2021 жылғы 24 мамырдағы № 08-02-03/326 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:

      1. Бруцеллез ауруының ошақтарын жоюға қатысты ветеринариялық іс-шаралар кешенінің жүргізілуіне байланысты Жібек-жолы ауылы А.Навои көшесінің № 21-33 және № 1-5 тұрғын үйлері аралығына белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Сайрам ауданы Жібек-жолы ауылдық округі әкімінің келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

      1) "Жібек-жолы ауылдық округі Жібек-жолы ауылы А.Навои көшесінің № 21-33 тұрғын үйлері аралығына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" Жібек-жолы ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 17 наурыздағы № 4 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6102 болып тіркелген);

      2) "Жібек-жолы ауылдық округі Жібек-жолы ауылы А.Навои көшесінің № 1-5 тұрғын үйлері аралығына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" Жібек-жолы ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 2 сәуірдегі № 5 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6139 болып тіркелген).

      3. "Сайрам ауданының Жібек-жолы ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімнің оны ресми жариялағаннан кейін Сайрам ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жібек-жолы ауылдық округінің әкімі А.Тураров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады