"Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Сарыағаш аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 5 қазандағы № 06-02-07/304 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Әлімтау ауылдық округі Әлімтау елді мекенінің жайылымның мал қорасы аумағында, бруцеллез ауруының ошақтарын жою бойынша кешенді ветеринарлық іс-шаралар жүргізілуіне байланысты белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Әлімтау ауылдық округ әкімінің 2021 жылғы 9 шілдедегі № 21 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23477 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. "Сарыағаш ауданы Әлімтау ауылдық округ әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Сарыағаш ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, | |
Әлімтау ауылдық округі әкімі | З. Маликов |