Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Әлімтау ауылдық округі әкімінің 14.10.2021 № 32 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Түркістан облыстық аумақтық инспекциясы Сарыағаш ауданының Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 28 мамырдағы № 08-02-07/199 ұсынысы негізінде және жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою мақсатында, ШЕШТІМ:
1. Бруцеллез ауруының шығуына байланысты Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Әлімтау ауылдық округі Әлімтау елді мекенінің жайылымның мал қорасы аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. "Сарыағаш ауданы Әлімтау ауылдық округ әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Сарыағаш ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, | |
Әлімтау ауылдық округі әкімі | З. Маликов |