Қазақстан Республикасындағы "Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2 тармағына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 46 бабының 2 тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабыны 8) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Сарыағаш аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2021 жылғы 20 сәуір № 02-02-07/158 ұсынысы негізінде Сарыағаш ауданы Құркелес ауылдық округі әкімінің міндетін уақытша атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ірі қара малдың листериоз ауруының ошақтарын жоюға қатысты барлық ветеринарлық іс-шаралар кешенінің жүргізілуіне байланысты Сарыағаш ауданы Құркелес ауылдық округі Алғабас елді мекені Жүндібайұлы көшесіндегі шектеу іс-шаралары алынып тасталсын.
2. Сарыағаш ауданы Құркелес ауылы округі әкімінің 2021 жылғы 17 ақпандағы № 13 "Сарыағаш ауданы Құркелес ауылдық округі Алғабас елді мекені Жүндібайұлы көшесінде шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6072 болып тіркелген және 2021 жылы 19 ақпанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. "Сарыағаш ауданы Құркелес ауылдық округ әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешім Сарыағаш ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Құркелес ауылдық округі әкімінің | |
міндетін уақытша атқарушы | А. Рахимбердиев |