Жалпыға ортақ пайдаланылатын аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесін, атаулары мен индекстерін бекіту туралы

Жаңа

Түркістан облысы Созақ ауданы әкiмдiгiнiң 2021 жылғы 29 сәуірдегі № 141 қаулысы. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2021 жылғы 12 мамырда № 6197 болып тiркелдi

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына, "Автомобиль жолдары туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңының 3 бабының 7 тармағына және 6 бабының 2 тармағына сәйкес, Созақ ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жалпыға ортақ пайдаланылатын аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесі, атаулары мен индекстері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Созақ ауданы әкiмдiгiнiң 2018 жылғы 13 маусымдағы № 209 "Жалпыға ортақ пайдаланылатын аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесін, атаулары мен индекстерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2018 жылғы 29 маусымда № 4655 болып тiркелген, 2018 жылғы 4 шілдеде "Созақ үні" газетінде және 2018 жылғы 11 шілдеде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3."Созақ ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Созақ ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Әлмағанбетке жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі С. Полатов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Түркістан облысының жолаушылар

      көлігі және автомобиль жолдары

      басқармасы" мемлекеттік

      мекемесінің басшысы

      ____________________Р.Ибрагимов

      "___" ____________ 2021 жыл

  Созақ ауданы әкімдігінің
2021 жылғы 29 сәуірдегі
№ 141 қаулысына қосымша

Жалпыға ортақ пайдаланылатын аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесі, атаулары мен индекстері

Қ/с

Автомобиль жолдарының индексі

Автомобиль жолдарының атауы

Автомобиль жолдарының мекен жайы, шақырым

Жалпы ұзындығы, шақырым

1

2

3

4

5

1

КХSZ-1

КХ-56-"Байқадам-Шолаққорған"-Қызылкөл

0-1,0

1,0

2

КХSZ-2

КХ-56-"Байқадам-Шолаққорған"-Құмкент

0-1,0

1,0

3

КХSZ-3

Шолаққорған-Балдысу

0-14,0

14,0

4

КХSZ-4

Балдысу-Қарабұлақ

0-5,0

5,0

5

КХSZ-5

КХ-2-"Созақ-Шолаққорған"-Абай

0-10,0

10,0

6

КХSZ-6

КХ-2"Созақ-Шолаққорған"-Сызған

0-2,7

2,7

7

КХSZ-7

КХ-2-"Созақ-Шолаққорған"-Басбұлақ

0-1,7

1,7

8

КХSZ-9

КХ-57-"Созақ-Қарақұр"-Шаға

0-1,0

1,0

9

КХSZ-10

КХ-57-"Созақ-Бақырлы"-Раңата

0-3,0

3,0

10

КХSZ-11

КХ-57-"Созақ-Бақырлы"- Саржаз

0-1,5

1,5

11

КХSZ-12

КХ-57-"Созақ-Бақырлы"-Ақсүмбе

0-11

11

12

КХSZ-13

Бақырлы-Тайқоңыр

0-2,0

2,0

13

КХSZ-14

КХ-2-"Шолаққорған-Шаян"-Аққолтық

0-3,0

3,0

14

КХSZ-15

КХ-57-"Созақ-Қарақұр" -Көктөбе

0-1,1

1,1

15

КХSZ-16

КХ-2-"Созақ-Тасты" -Қылти

0-0,8

0,8

16

КХSZ-17

КХ-2-"Шымкент-Түркістан" айналма автомобиль жолы, Шолаққорған ауылы

0-4,386

4,3

17

КХSZ-18

КХ-2-"Түркістан-Созақ" айналма автомобиль жолы, Шолаққорған ауылы

0-7,1

7,1

18

КХSZ-19

Жуантөбе елді мекеніне кіреберіс жол

0-2,1

2,1

19

КХSZ-20

Тасты елді мекеніне кіреберіс жол

0-3,7

3,7

20

КХSZ-21

Шу елді мекеніне кіреберіс жол

0-1,4

1,4

Созақ ауданының аудандық маңызы бар автомобиль жолдары бойынша барлығы:

77,4


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады