Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Төлеби аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2021 жылғы 10 наурыздағы № 08-02-07/64 ұсынысы негізінде, Көксәйек ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Төлеби ауданының, Көксәйек ауылдық округіне қарасты Көксәйек елді мекені, Досалы би көшесі № 19 үйден ірі қара малдың "бруцеллез" ауруына оң нәтиже бергеніне байланысты Көксәйек ауылдық округі, Көксәйек елді мекені, Досалы би көшесіне шектеу іс-шаралары енгізілсін.
2. "Төлеби ауданының Көксәйек ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Төлеби ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Көксәйек ауылдық округі әкімі | А. Кабылбеков |