Келес ауданында жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдаудың бірыңғай тарифін белгілеу туралы

Күшін жойған

Түркістан облысы Келес ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 6 қаңтардағы № 2 қаулысы. Түркістан облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 8 қаңтарда № 6015 болып тіркелді. Күші жойылды - Түркістан облысы Келес ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 4 қазандағы № 257 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Келес ауданы әкімдігінің 04.10.2024 № 257 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі "Автомобиль көлігі туралы" Заңының 19 бабына және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 13 қазандағы № 614 "Тұрақты маршруттар бойынша жолаушылар мен багажды тасымалдау жөнінде қызмет көрсетуге тарифтер есептеу әдістемесін бекіту туралы" бұйрығына сәйкес, Келес ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Келес ауданының Абай ауылы аумағында жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдаудың бірыңғай тарифі 50 (елу) теңге көлемінде белгіленсін.

      2. Келес ауданы бойынша жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау маршрутының бірыңғай тарифі бір шақырымға 5 (бес) теңге көлемінде белгіленсін.

      3. "Келес ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Келес ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Каракуловқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Келес ауданының әкімі А. Есбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Келес аудандық мәслихатының

      2020 жылғы 28 қазандағы

      № 32-236-VI сессиясының

      шешімімен

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады