"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27 бабына сәйкес, Келес ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Келес ауданы әкімдігінің "Келес ауданында жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдаудың бірыңғай тарифін белгілеу туралы" 2021 жылғы 6 қаңтардағы №2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6015 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Келес ауданының әкімі | Ж. Агибаев |