Келес ауданы Жамбыл ауылдық округі Майда Бозай елді мекенінің М.Әуезов көшесінде шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Түркістан облысы Келес ауданы Жамбыл ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 22 қаңтардағы № 7 шешiмi. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2021 жылғы 22 қаңтарда № 6034 болып тiркелдi. Күші жойылды - Түркістан облысы Келес ауданы Жамбыл ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 30 наурыздағы № 10 шешiмiмен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Келес ауданы Жамбыл ауылдық округі әкімінің 30.03.2021 № 10 шешiмiмен (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2 тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Келес аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2021 жылғы 19 қаңтардағы № 08-02-03/19 ұсынысы негізінде Жамбыл ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Вирусологиялық зерттеу нәтижесінде бір бас мысықтың бас миының сынамасынан "құтыру" ауруына оң нәтиже көрсетуіне байланысты Келес ауданы, Жамбыл ауылдық округі, Майда Бозай елді мекенінің М.Әуезов көшесінде шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. "Келес ауданы Жамбыл ауылдық округ әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімнің Келес ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Келес ауданы Жамбыл
      ауылдық округ әкімі Т. Байдуллаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады