Шектеу іс-шараларын алып тастау және Келес ауданы Жамбыл ауылдық округ әкімінің 2021 жылғы 22 қаңтардағы № 7 "Келес ауданы Жамбыл ауылдық округі Майда Бозай елді мекенінің М.Әуезов көшесінде шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Түркістан облысы Келес ауданы Жамбыл ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 30 наурыздағы № 10 шешiмi. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2021 жылғы 30 наурызда № 6131 болып тiркелдi

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабының 2 тармағына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 46 бабының 2 тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Келес аудандық аумақтық инспекциясы басшысының міндетін уақытша атқарушының 2021 жылғы 19 наурыздағы № 08-02-03/97 ұсынысы негізінде Жамбыл ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мысықтың құтыру ауруының ошақтарын жоюға қатысты ветеринариялық іс-шаралар кешенінің жүргізілуіне байланысты Келес ауданы, Жамбыл ауылдық округі, Майда Бозай елді мекенінің М.Әуезов көшесіне шектеу іс-шаралары алып тасталсын.

      2. Келес ауданы Жамбыл ауылдық округ әкімінің 2021 жылғы 22 қаңтардағы № 7 "Келес ауданы Жамбыл ауылдық округі Майда Бозай елді мекенінің М.Әуезов көшесінде шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6034 болып тіркелген, 2021 жылы 28 қаңтарда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. "Келес ауданы Жамбыл ауылдық округ әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімнің Келес ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Келес ауданы Жамбыл ауылдық округ әкімі Т. Байдуллаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады