Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының құрамдас бөлігіне атау беру туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2021 жылғы 14 сәуірдегі № 109 бірлескен қаулысы және Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 23 сәуірдегі № 4/25-VII шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 26 сәуірде № 8675 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, 27-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 11-бабының 4-1) тармақшасына сәйкес, "Семей қаласы Қарағайлы шағын ауданының атауы жоқ көшесіне Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы атауын беру туралы" Семей қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 19 наурыздағы № 578 қаулысы және Семей қалалық мәслихатының 2021 жылғы 19 наурыздағы № 5/27-VII шешімі негізінде, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының 2021 жылғы 7 сәуірдегі қорытындысын ескере отырып, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының Қарағайлы шағын ауданындағы атаусыз көшесіне Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы деген атау берілсін.

      2. Осы бірлескен қаулы мен шешім олардың алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шығыс Қазақстан облысы әкімі Д. Ахметов
      Сессия төрағасы А. Анчугин
      Шығыс Қазақстан облыстық
мәслихатының хатшысы
Д. Рыпаков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады