ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 116, 125, 145-1-баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына, "Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданының Алакөл көлінің (шығыс жағалауы) және оған құятын су объектілерінің су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулерін белгілеу жөніндегі жобаны түзету" жобасына сәйкес, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылғы 9 маусымдағы № 92 "Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданының Алакөл көлінің (шығыс жағалауы) және оған құятын су объектілерінің су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 2506 болып тіркелген, 2009 жылғы 21 шілдеде "Дидар", 2009 жылғы 20 шілдеде "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Облыстың табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің агроөнеркәсіптік кешен мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шығыс Қазақстан облысы әкімі | Д. Ахметов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы Экология,
геология және табиғи ресурстар министрлігі
Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын
пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі
Балқаш-Алакөл бассейндік инспекциясының басшысы _____________________ Р. Иманбет
2021 жылғы "___"_______________
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2021 жылғы 21 сәуірдегі қаулысына қосымша |
|
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылғы 9 маусымдағы № 92 қаулысына қосымша |
Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданының Алакөл көлі (шығыс жағалауы) және оған құятын су объектілерінің су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуі
| Су қорғау аймағы | Су қорғау белдеуі | ||||
Ұзындығы, км | Ауданы, га | Ені, м | Ұзындығы, км | Ауданы, га | Ені, м | |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Алакөл көлі (шығыс жағалауы, су қорғау аймақтары мен белдеулерінің шекарасының су кемері балтикалық жүйесінің 350,9 метр белгісінде алынған) | 12,923 | 477,58 | 500-595,5 | 12,923 | 153,78 | 100-230 |
Үйжан бұлағы | 8,0 | 1000,59 | 500 | 8,0 | 94,29 | 35 |
Донала бұлағы | 6,0 | 537,44 | 500 | 6,0 | 52,58 | 35 |
Жарбұлақ бастауы | 5,0 | 449,41 | 500 | 5,0 | 42,96 | 35 |
Атауы жоқ бұлақ | 2,70 | 255,60 | 500 | 2,70 | 19,19 | 35 |
2 Жарбұлақ бастауы | 5,148 | 487,09 | 500 | 5,148 | 35,26 | 35 |
2 Атауы жоқ бұлақ | 1,0 | 77,91 | 500 | 1,0 | 8,20 | 35 |
Ескертпе:
Су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулерінің шекаралары мен ені бекітілген жобалау құжаттамасының картографиялық материалында көрсетілген.