Шығыс Қазақстан облысының коммуналдық мүлкін жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2021 жылғы 12 мамырдағы № 180 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 17 мамырда № 8798 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2024 жылғы 21 тамызда № 203 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 16.08.2024 № 203 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 17-бабының 2), 4) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 908 "Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы" қаулысының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 "Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы" қаулысының негізінде Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес 2021-2025 жылдарға арналған бәсекелес ортаға беруге жататын облыстық коммуналдық меншіктегі ұйымдардың тізбесі бекітілсін.

      2. Қалалар мен аудандар әкімдері осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес 2021-2025 жылдарға арналған бәсекелес ортаға беруге ұсынылатын аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншіктегі ұйымдардың тізбелерін бекітсін.

      3. "Ертіс" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамына (Э.Л. Тумашинов) осы қаулының 3 қосымшасына сәйкес 2021-2025 жылдарға арналған бәсекелес ортаға беруге ұсынылатын еншілес, тәуелді ұйымдардың тізбесін бекіту ұсынылсын.

      4. Осы қаулының 1, 2, 3-қосымшаларында көрсетілген заңды тұлғалар үш рет өткізілген сауда-саттықтың нәтижелері бойынша өткізілмеген жағдайда таратылсын.

      5. Қалалар мен аудандар әкімдері, "Ертіс" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамы (Э.Л. Тумашинов):

      1) осы қаулыны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын;

      2) жыл сайын жарты жылдың және жылдың қорытындылары бойынша (1 шілдеге және 1 қаңтарға қарай) Шығыс Қазақстан облысының қаржы басқармасына осы қаулының іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.

      6. Шығыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы жыл сайын жарты жылдың және жылдың қорытындылары бойынша (10 шілдеге және 10 қаңтарға қарай) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне Кешенді жоспардың іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.

      7. Шығыс Қазақстан облысы қаржы басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      8. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары А. Б. Сматлаевқа жүктелсін.

      9. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шығыс Қазақстан облысы әкімі Д. Ахметов

  Шығыс
Қазақстан облысы әкімдігінің
2021 жылғы 12 мамырдағы
№ 180 қаулысына 1-қосымша

Бәсекелес ортаға беру ұсынылатын облыстық коммуналдық меншіктегі ұйымдардың тізбесі

   Р/с №

Ұйымның атауы

1

2

1

"Шығыс Қазақстан облысының Авиациялық бөлімшесі" Шығыс Қазақстан облысы әкім аппаратының коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

2

"Шығыс Қазақстан облысының тұрғын үй пайдалану басқармасы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

3

"Шығыс Қазақстан облысының дін мәселелерін зерттеу орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

4

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының "Шығыс су қоймалары" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

  Шығыс
Қазақстан облысы әкімдігінің
2021 жылғы 12 мамырдағы
№ 180 қаулысына 2-қосымша

Бәсекелес ортаға беру ұсынылатын аудандық меншіктегі (облыстық маңызы бар қаланың) ұйымдардың тізбесі

    Р/с №

Ұйымның атауы

1

2

1

"Семей қаласы жолаушылар тасымалдауды басқару орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

2

"Өскемен қаласының көлік компаниясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

3

"Өскемен қаласы жолаушылар тасымалдауды басқару орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

4

Глубокое ауданының "ВеселҰвский" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

5

Глубокое ауданы "Иртышский" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

6

"Экологиялық қауіпсіздік орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

7

Курчатов қаласы әкімдігінің "Курчатов көп салалы эксплуатациялық кәсіпорны" шаруашылық жүргізу құқындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

8

"Жарма ауданының "Қалба тынысы" газеті" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

9

"Тарбағатай Нұры" аудандық газеті" мекемесі

10

Көкпекті ауданының "Жұлдыз" - "Новая жизнь" аудандық газеті" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

11

"Абай елі" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

12

"Үржар аудандық "Уақыт тынысы" ("Пульс времени") газеті редакциясы және телевизиясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

13

Зайсан ауданы әкімдігінің "Достық" газеті редакциясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

14

Алтай ауданы әкімдігінің "Жылу-су орталығы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

15

Глубокое ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы Глубокое к. "Теплоэнергия" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

16

"Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Теплокоммунэнерго" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

17

Аягөз ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Аягөз су" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

18

"Су" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

19

Жарма ауданы әкімдігінің "Жарма-су" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

20

Тарбағатай ауданы әкімінің шаруашылық есебіндегі "Ақсуат" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

21

"Шемонаиха су арнасы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

22

Шаруашылық жүргізу құқығындағы Глубокое ауданының "Кировский" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

23

Шаруашылық жүргізу құқығындағы Глубокое ауданы "Фрунзенский" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

24

Көкпекті ауданы әкімдігінің "Самар" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

25

Көкпекті ауданы әкімдігінің "Көкпекті" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

26

Ұлан ауданы әкімдігінің "Коммунальник" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

27

Ұлан ауданы әкімдігінің "Молодежный" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

28

Үржар ауданы әкімдігінің "Мақаншы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

29

Күршім ауданы әкімдігінің "Күршім" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

30

Күршім ауданы әкімдігінің "Теректі" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

31

Тарбағатай ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Ақжар" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

32

Өскемен қаласы әкімдігінің "Таза Өскемен" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

33

"Өскемен жылу жүйелері" акционерлік қоғамы

34

Зайсан ауданы әкімдігінің "Зайсан" көп салалы коммуналдық мемлекеттік шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорны

35

Катонқарағай ауданының "Алтай комхоз сервис" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

  Шығыс
Қазақстан облысы әкімдігінің
2021 жылғы 12 мамырдағы
№ 180 қаулысына 3-қосымша

"Ертіс" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамының бәсекелес ортаға беруге ұсынылатын еншілес, тәуелді ұйымдарың тізбесі

    Р/с №

Ұйымның атауы

1

2

1

"Семей халықаралық әуежайы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

2

"Өскемен қаласының әуежайы" акционерлік қоғамы


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады