"Шығыс Қазақстан облысының коммуналдық мүлкін жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2021 жылғы 12 мамырдағы № 180 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2024 жылғы 16 тамыздағы № 203 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 21 тамызда № 9061-16 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Шығыс Қазақстан облысының коммуналдық мүлкін жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2021 жылғы 12 мамырдағы № 180 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8798 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      2. "Шығыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Н.А. Сақтағановқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шығыс Қазақстан облысы әкімі Е. Кошербаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады