Шығыс Қазақстан облысы бойынша ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен халыққа берілген ауызсудың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшері туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 14 желтоқсандағы № 12/111-VII шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 23 желтоқсанда № 25967 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы шешімінің қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.

      Қазақстан Республикасы Су кодексінің 38-бабына сәйкес, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы бойынша ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен халыққа берілген ауызсудың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшері бекітілсін.

      2. Осы шешімнің қосымшасының 1 және 2-тармақтары оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2021 жылғы 16 тамыздан бастап туындаған қатынастарға қолданылады және 2021 жылғы 31 желтоқсанға дейін әрекет етеді, осы шешімнің қосымшасының 3 және 4-тармақтары 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Шығыс Қазақстан облыстық
мәслихатының хатшысы
Д. Рыпаков

  Шығыс Қазақстан облыстық
мәслихатының
2021 жылғы 14 желтоқсандағы
№ 12/111-VII шешіміне қосымша

Шығыс Қазақстан облысы бойынша ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен халыққа берілген ауызсудың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшері

     

 
Қызметтерді тұтынушылардың атауы

Төлем мөлшері, теңге/м3

 
1

 
Ауызсуды есепке алу аспаптары бар тұтынушылар үшін

 
30

 
2

 
Ауызсуды есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін

 
40

 
3

 
Ауызсуды есепке алу аспаптары бар тұтынушылар үшін

 
45

 
4

 
Ауызсуды есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін

 
60


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады