Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласы әкімінің 2021 жылғы 11 мамырдағы № 1 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 12 мамырда № 22742 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласы әкімінің 2024 жылғы 9 қаңтардағы № 1 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласы әкімінің 09.01.2024 № 1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабы 1-тармағының 13)тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 48-бабына және 50-бабы 2-тармағының 2)тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" қаулысына, Риддер қаласының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның 2021 жылғы 10 мамырдағы № 3 отырысының хаттамасына сәйкес, Риддер қаласының әкімі ШЕШТІ:

      1. Риддер қаласының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

      2. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жою басшысы болып Риддер қаласы әкімінің орынбасары Е.М. Тойбаев тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Риддер қаласы әкімінің орынбасары Е.М. Тойбаевқа жүктелсін.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Риддер қаласының әкімі Д. Горьковой

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады