Аягөз аудандық мәслихатының 2021 жылғы 25 қазандағы № 8/123-VІІ "Аягөз ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Аягөз аудандық мәслихатының 2021 жылғы 24 желтоқсандағы № 10/211-VII шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 13 қаңтарда № 26467 болып тіркелді

      Шығыс Қазақстан облысы Аягөз аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Аягөз аудандық мәслихатының "Аягөз ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы" 2021 жылғы 25 қазандағы № 8/123-VІІ (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25093 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің орыс тіліндегі атауына өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі атауы өзгертілмейді.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аягөз аудандық мәслихат хатшысы К. Досиханов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады