Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы Ақшатау ауылдық округінің әкімінің 08.04.2021 № 2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына сәйкес және Аягөз аудандық аумақтық бас мемлекеттік ветеринариялық инспектордың 2021 жылғы 21 қаңтардағы № 26 ұсынысы негізінде, Ақшатау ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. Мүйізді ірі қара малдардың арасынан құтыру ауруының шығуына байланысты Аягөз ауданы Ақшатау ауылдық округі Қызыл ағаш қыстағына қарасты "Мереке" шаруа қожалығының аумағына шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақшатау ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы |
Б. Искаков |