Бесқарағай ауданы Қарабас ауылдық округінің Қарабас ауылының көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы Қарабас ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 9 сәуірдегі № 4 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 15 сәуірде № 8622 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.

      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14–бабы 4) тармақшасына, 2020 жылғы 17 маусымдағы Шығыс Қазақстан облыстық ономастикалық комиссиясының қорытындысына сәйкес және Қарабас ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып, Қарабас ауылдық округі әкімі ШЕШТІ:

      1. Бесқарағай ауданы Қарабас ауылдық округінің Қарабас ауылындағы көшелерінің атауы:

      1) "Куйбышев" көшесі "Махмет Кенжебаев" көшесі;

      2) "Гоголь" көшесі "Федор Кушнаренко" көшесі;

      3) "Чернышевский" көшесі "Адам Баймұхамбетов" көшесі болып қайта аталсын.

      2. "Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы Қарабас ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген тәртіпте:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімнің мемлекеттік тіркелген күнінен кейін күнтізбелік он күн ішінде Бесқарағай ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялануы үшін олардың көшірмелерінің жіберілуін;

      3) осы шешімнің оның ресми жарияланғанынан кейін Бесқарағай ауданы әкімдігінің интернет – сайтында орналасуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарабас ауылдық округінің әкімі С. Байкадамов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады