Жарма ауданы Ақжал ауылдық округі Жаңаөзен ауылының көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы Ақжал ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 18 наурыздағы № 2 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 19 наурызда № 8461 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14- бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2- тармағына сәйкес, Жаңаөзен ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып, 2020 жылғы 28 желтоқсандағы облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Жарма ауданы Ақжал ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Жарма ауданы Ақжал ауылдық округі Жаңаөзен ауылындағы келесі көшелері:

      "Абая" көшесін – "Абай" көшесі;

      "Геологическая" көшесін – "Тұрсынхан Әбдірахманқызы" көшесі;

      "Интернациональная" көшесін – "Әл - Фараби" көшесі;

      "Ленина" көшесін – "Қаныш Сәтпаев" көшесі;

      "Механизаторская" көшесін – "Ер Жәнібек" көшесі;

      "Молодежная" көшесін – "Әлихан Бөкейхан" көшесі;

      "Рабочий переулок" көшесін – "Күйші Дина" көшесі;

      "Солнечная" көшесін – "Абылай хан" көшесі;

      "Степная" көшесін – "Кенесары хан" көшесі;

      "Чапаев" көшесін – "Міржақып Дулатұлы" көшесі;

      "Шоссейная" көшесін – "Ахмет Байтұрсынұлы" көшесі;

      "60 лет Казахстана" көшесін – "Жамбыл Жабаев" көшесі;

      "70 лет Октября" көшесін – "Дінмұхамед Қонаев" көшелері болып қайта аталсын.

      2. "Жарма ауданы Ақжал ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімінің мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Жарма ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

      3) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Жарма ауданы әкімінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткенсоң қолданысқа енгізіледі.

      Ақжал ауылдық округінің әкімі М. Жумаканов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады