ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағына сәйкес, Әуезов кенті тұрғындарының пікірін ескере отырып, 2020 жылғы 28 желтоқсандағы облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Жарма ауданы Әуезов кентінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жарма ауданы Әуезов кентіндегі келесі көшелері:
"Геологическая" көшесін–"Таукент" көшесі;
"Горная" көшесін – "Кеншілер" көшесі;
"Дружба" көшесін – "Достық" көшесі;
"Коммунистическая" көшесін – "Жеңіс" көшесі;
"Спортивная" көшесін – "Ардагер" көшесі;
"Социалистическая" көшесін –"Жібек жолы" көшесі;
"Фабричная" көшесін – "Алтынтау" көшесі;
2. Жарма ауданы Әуезов кентінің Солнечное ауылындағы көшелері:
"Буровая" көшесін – "Бірлік" көшесі;
"Горная" көшесін – "Қазына" көшесі;
"Школьная" көшесін – "Күншуақ" көшесі;
"40 лет Казахстана" көшесін –"Азаттық" көшелері болып қайта аталсын.
3. "Жарма ауданы Ауэзов кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімінің мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Жарма ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;
3) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Жарма ауданы әкімінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім | Е. Сасенов |