ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Зайсан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Зайсан аудандық мәслихатының төмендегі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1) Зайсан аудандық мәслихатының 2018 жылғы 29 қарашадағы № 32-4 "Зайсан қаласының жер салығының мөлшерлемелерін түзету туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5-11-183 нөмірімен тіркелген, 2018 жылғы 25 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған);
2) Зайсан аудандық мәслихатының 2018 жылғы 29 қарашадағы № 32-5 "Зайсан ауданы бойынша елді мекендердің жерін аймақтарға бөлу жобасын бекіту және жер салығының базалық салық мөлшерлемелерін түзету туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5-11-180 нөмірімен тіркелген, 2018 жылғы 25 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған) шешімдері.
2. Осы шешім 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | М. Бошақов |
Аудандық мәслихат хатшысы | С. Марқабаев |