Шектеу іс-шараларын тоқтату және Дайыр ауылдық округ әкімінің 2021 жылғы 23 сәуірдегі № 6 "Дайыр ауылдық округіне қарасты Жамбыл ауылына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Дайыр ауылдық округі әкімнің 2021 жылғы 20 қазандағы № 10 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 27 қазанда № 24925 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабы 3-тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 10-1 бабы 8) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес және Зайсан ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 12 қазандағы № 865 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Мүйізді ұсақ малдарының бруцеллез ауруының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеніне байланысты Дайыр ауылдық округіне қарасты Жамбыл ауылына белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Зайсан ауданы Дайыр ауылдық округі әкімінің "Дайыр ауылдық округіне қарасты Жамбыл ауылына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" 2021 жылғы 23 сәуірдегі № 6 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8681 болып тіркелген) шешімнің күші жойылды деп танылсын.

      3. "Дайыр ауылдық округ әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Зайсан ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      ауылдық округ әкімінің м.а Д. Искаков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады