ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 37-бабы 3-тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына сәйкес және Зайсан ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 24 маусымдағы № 612 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Мүйізді ірі қара малдарының бруцеллез ауруының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеніне байланысты Зайсан қала округіне қарасты "Айбала" учаскесіне белгіленген шектеу іс-шаралары алып тасталсын.
2. Зайсан ауданының Зайсан қаласы әкімінің "Зайсан қала округіне қарасты "Айбала" учаскесіне шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" 2021 жылғы 19 ақпан № 3 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8409 болып тіркелген) шешімнің күші жойылды деп танылсын.
3. "Зайсан қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Зайсан ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;
3) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Зайсан ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуына бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Зайсан қаласының әкімі | А. Дутбаев |