ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 19-бабының 1-1-тармақшасына, 69-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес, Алтай ауданы Прибрежный кентінің әкімі ШЕШТІ:
1. Прибрежный кентінде 2-квартал № 14-үй ауданындағы, 3-квартал № 5-үй ауданындағы және темір жол ауданындағы көшелерден өтетін байланыс желілерін түкті - оптикалық жабындыларын орналастыру және пайдалану үшін "SilkNetCom" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне, меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қойюсыз, жалпы ауданы 0,14 гектар жер телімдеріне 2031 жылдың 12 қазанына дейін 10 жыл мерзімге шектеулі мақсатта пайдалану (қауымдық сервитут) құқығы белгіленсін.
2. "Алтай ауданы Прибрежный кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі осы шешімнің Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Прибрежный кентінің әкімі | Е. Ерболатов |