ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 19-бабының 1-1) тармақшасына, 69 – бабының 4-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 – бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес, Алтай ауданы Прибрежный кентінің әкімі ШЕШТІ:
1. Осы шешімге қосымшаға сәйкес "Қазақтелеком" акционерлік қоғамына Прибрежный кентінде телефон кәрізін орналастыру және пайдалану үшін жалпы ауданы 0,0477 гектар жер телімдерін меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоюсыз 2030 жылдың 31 желтоқсанына дейін 10 жыл мерзімге жер телімдерін шектеулі мақсатта пайдалану (қауымдық сервитут) құқығы белгіленсін.
2. "Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы Прибрежный кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі осы шешімнің Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Прибрежный кентінің әкімі | Е. Ерболатов |
Аким поселка Прибрежный от 13 апреля 2021 года № 2 шешіміне қосымша |
№ | Жер телімінің орналасқан жері | Жер телімінің ауданы, гектар |
1 | 2 | 3 |
1 | Шығыс Қазақстан облысы, Алтай ауданы, Прибрежный кенті 2-квартал № 5-үйдің ауданындағы АТС-263 бастап Почтовая көшесіне дейін: Панфилов, Садовая көшелері бойынша | 0,0477 |
Барлығы: | 0,0477 |