ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк - аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 – бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 35 – бабының 2 – тармағына сәйкес, Солоновқа ауылдық округі тұрғындарының пікірін ескере отырып, Шығыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының 2020 жылғы 28 желтоқсандағы қорытындысын негізінде, Катонқарағай ауданы Солоновка ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Катонқарағай ауданы Солоновка ауылдық округі Солоновка ауылының келесі көшелері:
1) "Советская" көшесі – "Әл-Фараби" көшесі;
2) "Восточная" көшесі – "Бастау" көшесі;
3) "Колхозная" көшесі – "Наурыз" көшесі;
4) "Юбилейная" көшесі – "Жерұйық" көшесі;
5) "Октябрьская" көшесі – "Мұзтау" көшесі;
6) "Школьная" көшесі – "Ахмет Байтұрсынұлы" көшесі болып қайта аталсын.
2. Катонқарағай ауданы Солоновка ауылдық округі Малонарым ауылының келесі көшелері:
1) "Советская" көшесі – "Тәуелсіздік" көшесіне;
2) "Береговая" көшесі – "Нарын" көшесіне;
3) "Мира" көшесі – "Бейбітшілік" көшесіне;
4) "Комсомольская" көшесі – "Наурыз" көшесіне;
5) "Октябрьская" көшесі – "Қазақстан" көшесіне;
6) "Жданова"көшесі – "Болашақ" көшесіне;
7) "Пламенская" көшесі– "Дінмұхамед Қонаев" көшесіне;
8) "Интернациональная" көшесі– "Достық" көшесі болып қайта аталсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округ әкiмi | Д. Батекенова |