Кіндікті ауылдық округінің Кіндікті ауылындағы атауы жоқ көшелеріне атау беру туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Кіндікті ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 5 мамырдағы № 6 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 11 мамырда № 8755 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 - бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, Шығыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының 2021 жылғы 5 сәуірдегі қорытындысына сәйкес және тиiстi аумақ халқының пiкiрiн ескере отырып Кіндікті ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:

      1. Тарбағатай ауданы Кіндікті ауылдық округінің Кіндікті ауылындағы атауы жоқ көшелерге келесі атаулар берілсін:

      1) Атауы жоқ көшеге - "Кенжалы Би" атауы;

      2) Атауы жоқ көшеге "Жүнісов Тлеуғазы" атауы;

      3) Атауы жоқ көшеге "Түсіпханов Сельсовет" атауы;

      4) Атауы жоқ көшеге "Әбсейіт" атауы;

      5) Атауы жоқ көшеге "Сағындыков Смағұл" атауы;

      6) Атауы жоқ көшеге "Қожахметов Саябек" атауы.

      2. "Кіндікті ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімнің мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Тарбағатай ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Кіндікті ауылдық округінің әкімі М. Дәуренбекұлы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады