Шектеу іс-шараларын тоқтату және Ұлан ауданының Азовое ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 3 шілдедегі № 6 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Азовое ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 27 тамыздағы № 8 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 10 қыркүйекте № 24299 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.     

      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1- бабының 8) тармақшасына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ұлан аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық - санитариялық инспекторының 2021 жылғы 14 шілдедегі № 01-26/350 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Ірі қара малдарының арасында бруцеллез ауруының ошақтарын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс – шаралар жүргізілуіне байланысты, Ұлан ауданының Азовое ауылдық округі Ново-Азовое ауылының Нагорная көшесінде белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Азовое ауылдық округі әкімінің "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" 2021 жылғы 3 шілдедегі № 6 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23491 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Азовое ауылдық округінің әкімі А. Дамдыбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады