ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1 тармағының 15) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабының 5 тармағына сәйкес, Үржар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Үржар аудандық мәслихатының 2020 жылғы 24 маусымдағы № 53-656/VI Үржар ауданында тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсетудің тәртібі мен мөлшері туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 7281 нөмірімен тіркелген, 2020 жылдың 14 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтық құқықтық актілерінің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде, "Пульс времени/Уақыт тынысы" газетінде 2020 жылдың 22 шілдесінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген "Үржар ауданында тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсетудің тәртібі мен мөлшерін бекіту туралы" Қағидасында:
6 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"6. Әлеуметтік қолдаудың мөлшері – 10,663 айлық есептік көрсеткіш құрайды.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | М. Акпеков |
Үржар аудандық мәслихатының хатшысы | К. Карашев |