ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек Кодексінің 139-бабы 9-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Шемонаиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. Шемонаиха ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 22 сәуірдегі № 110 "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2020 жылғы 15 мамырда 7087 нөмірімен тіркелген, 2020 жылғы 25 мамырда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.К.Молдахановқа жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шемонаиха ауданының әкімі | Г. Акулов |
Келісілді: Шемонаиха аудандық мәслихатының хатшысы |
А. Боровикова |
"___" __________ 2020 жыл
2021 жылғы 6 қаңтардағы № 01 қаулысына қосымша |
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мемлекеттік мекеменің, коммуналдық мемлекеттік мекеменің мамандар лауазымдары:
1) Негізгі персонал: әлеуметтік қызметкер;
2) Көмекші персонал: ассистент.
2. Мәдениет саласындағы коммуналдық мемлекеттік мекеменің, коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорының мамандар лауазымдары:
1) Басқарушы персонал: коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы;
2) Негізгі персонал: музыкалық жетекші, аккомпаниатор, көркемдік жетекші, әдіскер, дыбыс операторы, мәдени ұйымдастырушы, хореограф, қоюшы режиссер, хор жетекшісі, кітапханашы.
3. Спорт саласындағы коммуналдық мемлекеттік мекеменің мамандар лауазымдары:
1) Басқарушы персонал: коммуналдық мемлекеттік мекеменің басшысы;
2) Негізгі персонал: жаттықтырушы-оқытушы, әдіскер, дәрігер.