Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңын, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі "Сауда қызметін реттеу туралы" Заңын және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 наурыздағы №282 "Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және оларға бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11245 тіркелген) бұйрығын басшылыққа ала отырып, Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін бекіту жөніндегі Комиссияның ұсынымы негізінде Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшері бекітілсін.
2. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 9 желтоқсандағы №288 "Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6534 тіркелген, 2020 жылы 15 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. "Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары М.Н. Манкеевке жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Батыс Қазақстан облысының әкімі | Г. Искалиев |
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2021 жылғы 8 сәуірдегі № 59 қаулысымен бекітілген |
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті
рұқсат етілген мөлшері
№ | Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары | Әкімшілік-аумақтық бірлік | Бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшері, теңге литрына | Қолданылу мерзімі |
1 | Күнбағыс майы | Батыс Қазақстан облысы | 624 | 30 күнтізбелік күн |