Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңын және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 28 қыркүйектегі № 863 "Өкілдік шығындарға көзделген қаражатты пайдаланудың үлгілік қағидаларын және өкілдік шығындардың нормаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №17522 болып тіркелген) бұйрығын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 29 сәуірдегі № 106 "Жергілікті бюджетте өкілдік шығындарға көзделген қаражатты пайдалану қағидаларын және өкілдік шығындардың нормаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5649 тіркелген, 2019 жылы 21 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Жергілікті бюджетте өкілдік шығындарға көзделген қаражатты пайдалану қағидаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Жергілікті бюджеттен өкілдік шығындарға қаражат бөлу облыс (аудан, облыстық маңызы бар қала) әкімімен бекітілген Іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Жоспар) негізінде жүзеге асырылады.";
мынадай мазмұндағы 3-1, 3-2 тармақтармен толықтырылсын:
"3-1. Облыс (аудан, облыстық маңызы бар қала) әкімдігі жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің ұсыныстары негізінде бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органмен келісілген жылдық жоспарды жасақтайды.";
"3-2. Жыл ішінде жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің ұсыныстары негізінде күтпеген іс-шараны өткізудің және / немесе бөлінген қаражат көлемін ескере отырып жоспар түзетіледі.";
көрсетілген қаулымен бекітілген өкілдік шығындардың нормалары осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Батыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесі (Т.Е.Каюпов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары А.А. Нұралиевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Батыс Қазақстан облысының әкімі | Г. Искалиев |
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2021 жылғы 22 сәуірдегі № 71 қаулысына қосымша |
|
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 29 сәуірдегі № 106 қаулысымен бекітілген |
Өкілдік шығындардың нормалары
№ | Өкілдік шығындардың атауы | Облыстық, облыстық маңызы бар қаланың бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдар үшін құны (теңге) | Аудан бюджетінен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдар үшін құны (теңге) |
1 | Бір бірлікке бір сағатқа ақы төлеу есебінен автокөліктік қызмет көрсету | 2000-ге дейін | 1200-ге дейін |
2 | Бір сағатқа ақы төлеу есебінен делегацияны қабылдайтын мемлекеттік органның штатында тұрмайтын аудармашылардың қызметін төлеу (ілеспе аудармадан басқа) | 5000-ге дейін | 5000-ге дейін |
3 | Күніне бір адамға ресми түскі астар, кешкі астар | 6500-ге дейін | 4500-ге дейін |
4 | Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының төрағаларының, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасарларының қатысуымен күніне бір адамға арналған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хаттамасында көзделген ресми түскі ас, кешкі ас. | 30000-ға дейін | 30000-ға дейін |
5 | Фуршеттер, келіссөздер кезінде кофе-брейктер, мәдени бағдарламалардың шаралары бір адамға күніне | 1500-ге дейін | 1300-ге дейін |