Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес Жаңақала аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Жаңақала аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Аудандық мәслихат аппаратының басшысы (С.Успанова) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы | О. Кубесова |
Мәслихат хатшысы | Д. Закарин |
Аудандық мәслихаттың 2021 жылғы 17 наурыздағы № 3-11 шешіміне қосымша |
1. Жаңақала аудандық мәслихатының 2020 жылғы 10 қаңтардағы №42-1 "2020-2022 жылдарға арналған Жаңақала ауданы Бірлік ауылдық округінің бюджеті туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5957 тіркелген, 2020 жылғы 21 қаңтарда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).
2. Жаңақала аудандық мәслихатының 2020 жылғы 9 желтоқсандағы №54-1 "Жаңақала аудандық мәслихатының 2020 жылғы 10 қаңтардағы №42-1 "2020-2022 жылдарға арналған Жаңақала ауданы Бірлік ауылдық округінің бюджеті туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6548 тіркелген, 2020 жылғы 20 желтоқсанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).
3. Жаңақала аудандық мәслихатының 2020 жылғы 23 желтоқсандағы №56-1 "Жаңақала аудандық мәслихатының 2020 жылғы 10 қаңтардағы №42-1 "2020-2022 жылдарға арналған Жаңақала ауданы Бірлік ауылдық округінің бюджеті туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6593 тіркелген, 2020 жылғы 31 желтоқсанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).